ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАЛЫ ТЕМІР-БЕТОН ЗАУЫТЫ ЖЫЛЫНА 10 МЫҢ ТЕКШЕ МЕТР ӨНІМ ДАЙЫНДАЙДЫ
Материалдық базасын жаңартқан кәсіпорында екі жаңа цех пен компрессорлық станция іске қосылды.
Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық дәлізі еліміз үшін ерекше маңызы бар жол. Бұл жолды салуға сондықтан да тек сапалы материалдар пайдаланылуда. Қазалы темір-бетон зауытында дайындалған өнімдер осы талап үдесінен шығады. 18, 21, 24 метрлік темір ұстындар көпір құрылысына қолданылып жатыр. Көпір құрылысының негізгі бөлігі - темір арқалықтарға өзге елдерден де сұраныс түсіп жатыр. Сондықтан да жұмысшылар үлкен жауапкершілікпен тапсырысқа сай өнім шығаруға тырысады. Жылына 10 мың текше метр өнім дайындайды.