ҚАЗАЛЫДА 21 АЛТЫН, 4 ҮЗДІК…
Қазалы ауданынан мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан түлектер он бір жыл бойғы алған білімдерін сынайтын ҰБТ-да өз бақтарын сынады.
Түлектерге сәттілік тілеген аудан әкімінің орынбасары Сұлтан Мақашов ұлттық сынаққа шын дайындалған, білімді оқушылардың жолы болатындығын атап өтті.
Оқушыларға тест тапсырмаларын орындауға үш жарым сағат уақыт бөлінді. Аудан орталығы Әйтеке би кентіндегі №249 мектеп-лицейде ұйымдастырылған ұлттық сынаққа Қазалы ауданының мектептерінен 756 оқушы бітіріп, 466-ы /61,6 пайызы/ ҰБТ тапсыруға тілек білдірген болатын. Қорыта келгенде Қазалы ауданы бойынша ҰБТ көрсеткіші –ткен жылы /2014 ж./ 75,2 пайыз болса, биыл /2015 ж./ 82,2 пайыз болды. Әзірге Қызылорда облысы бойынша Қазалы ауданы ІІ орында. «Алтын белгіге» үміткер 24 оқушының 21-і және 4 оқушы «Үздік аттестатқа» өз білімдерін қорғап шықты. Ең жоғарғы 119 балл жинаған №249 мектеп-лицей оқушысы Едіге Әлихан, №94 орта мектептен Байтуған Алтынай «Алтын белгі» иегері болды.