ҚАЗАЛЫЛЫҚ КӘСІПКЕРГЕ АТА-АНАЛАР РИЗАШЫЛЫҚТАРЫН БІЛДІРДІ
Қазалы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің ұйымдастыруымен Халықаралық балаларды қорғау күніне жеке кәсіпкер Манат Рысбаеваның демеушілігімен «Рау-Илья» мейрамханасынада «Әрқашан күн сөнбесін» атты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мерекелік қайырымдылық дастарханы ұйымдастырылды.
Бұл шараға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының міндетін атқарушы Баян Төлегенова аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Ерболат Тұрымов, аудандық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация меңгерушісі Айгүл Тлеуімбетова, аудандық түзету кабинетінің меңгерушісі Злиха Әбіл, «Шапағат» сауықтандыру орталығының мамандары қатысты.
Шараның мақсаты мүмкіндігі шектеулі балаларға ой-өрісін дамыту, өнерге баулу, өз бетінше өмір сүру дағдыларын ұғындыру, көңіл-күйін көтеру тәрбиелеу болып табылады.
1 маусым балаларды қорғау күніне байланысты мерекелік қайырымдылық дастарханында мүмкіндігі шектеулі балалар ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті.
Мерекелік шараның соңында мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары өз ризашылықтарын білдірді.