ҚАЗАЛЫДА ЗӘБІР КӨРГЕН 350 АЗАМАТШАҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕСТЕР БЕРІЛГЕН
Қазалы ауданында "Жастарды қолдау орталығы" Қазалы аудандық бөлімінің ұйымдастыруымен "Зорлық-зомбылықсыз өмір – сенің құқығың” атты семинар болып өтті. Семинар барысында аудандық ішкі істер бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Б.Айымқұлов "Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағыты” тақырыбында ағымдағы жылдың 7 айында ішкі істер бөлімінде атқарылған жұмыстарды баяндап берді. Оның мәлімдеуінше, өткен жылдың осы мерзімінде отбасы-тұрмыстық салада 3 қылмыс орын алса, биыл мұндай келеңсіз жайттар болмаған. Ал "Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы” заңына байланысты тұрмыстық ортада құқық бұзушылық әрекеттермен үнемі көзге түскен 128 тұлғаға қорғау нұсқамалары шығарылған. Зәбір көрген 350 азаматшаға құқықтық кеңестер берілген.
"Самұрық” инновациялық идеяларды дамыту орталығы” қоғамдық қорының атқарушы директоры Э.Тұсмағамбетова өз сөзінде әр отбасында бір психолог болу міндетті жағдай екенін жеткізді. Психолог жанұяда болған жанжалды құпия ұстап, шиеленісті оңтайлы шешуі керек. Қазір нәзік жандылардың құқы көп тапталады. Дағдарыс орталығына көбіне әйелдер жабырқаған жанына демеу сұрап, Шиелі, Жаңақорған, Қызылорда қаласынан келеді екен.