ҚАЗАЛЫЛЫҚ АКТРИСА «МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» АТАНДЫ
Қызылорда қаласы А.Тоқмағамбетов атындағы облыстық филармониясында Қазалы ауданының мәдениеті мен өнерінің өсуіне елеулі үлес қосып жүрген актриса Гүлнар Төребековаға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы табыстады.
Еңбек жолын Бозкөл ауылында автоклуб меңгерушісі болып бастаған Гүлнар Төребекова осы уақытқа дейін 35 жыл бойы тынбай халыққа мәдени қызмет көрсетіп келеді. Сонымен қатар, ол аудандық мәдениет орталығы жанынан құрылған «Қазалы қалжыңы» ойын-сауық отауына және «Әжелер ансамбліне» жетекшілік жасап, көптеген жетістіктерге жетті. Қазіргі таңда ол №2 мәдени-демалыс кешеннің меңгерушісі болып қызмет атқарады. Жоғары марапатқа ие болған өнер иесі аудан мәдениетінің дамуына лайықты үлес қосып, тәжірибе мен қажыр-қайратын ел игілігіне жұмсады.