ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРУДА
Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге жұмыссыздар, жұмыс іздеуші мүмкіндігі шектеулі жандар шақырылды.
Қазалы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің жұмыспен қамту секторының меңгерушісі Мереке Табынбаева Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жәрмеңкеге қатысушыларға түсіндірді. Жәрмеңкеде жұмыссыздарды, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндап, мамандығы бойынша жоғары және арнаулы орта білімді жұмыссыздарды жұмысқа шақырды.
Жәрмеңкеге 5 мекеме мен кәсіпорындардан, жеке кәсіпкерлерден 62 бос жұмыс орындары ұсынылды. 4 адам тұрақты жұмысқа және 3 адам ақылы қоғамдық негіздегі жұмысқа жіберілді. Жұмыс беруші өкілдері және Қазалы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы және «Жас орда» жастар қоғамдық бірлестігінің қызметкерлері жұмыс іздеушілердің сұрақтарына жауап беріп, бос жұмыс орындары туралы кітапшаларды таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.