ҚАЗАЛЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Қазалы ауданында ел мәдениетін дамыту, өнерін өрістету жолында сан-салалы мәдениеттің қарбалас қызу тіршілігін кешіп, ел-жұрттың мәдени өміріне үлес қосып жүрген мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аудандық мәдениет орталығында салтанатты шара өтті.
«Мәдениетім – мәртебем, өнерім - өрісім» тақырыбында өткен шараға аудан әкімі аппараты кадр және инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы Алғашбай Байкөбеков, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Толыбай Жүсіпов, «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан қатысып, мәдениет қызметкерлері мен өнер иелеріне жүрекжарды лебіздерін жеткізді. Сонымен қатар, аудан мәдениеті мен өнерінің өсуіне атсалысып жүрген жандарға құрмет көрсетіп, облыс әкімінің, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының, аудан әкімінің, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің және «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының Алғыс хаттарымен марапаттады. Аудандық мәдениет Орталығы жанындағы №2 мәдени-демалыс кешенінің меңгерушісі Гүлнар Төребекова «Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
«Атамұра» ардагерлер аспаптық ансамблі және ауданның жекелеген өнерпаздары кештің көркін кіргізді.