ҚАЗАЛЫДА МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУ АКЦИЯСЫ ҚАРҚЫНДЫ
Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес мүлікті жария ету мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2015 жылғы 30 қарашада аяқталады.
Сонымен бірге, мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшін құжаттарды беру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2015 жылғы 30 қарашада аяқталады.
Жария ету туралы Заңмен жария етуге жататын мүлікпен қатар, жария етуге жатпайтын да мүліктің барынша толық түсінігі белгіленген. Атап айтқанда, алдағы тұрған мүлікті жария ету науқаны Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жердегі мүлікті жария етуге мүмкіндік беретініне назар аудару қажет деп санаймыз.
2014 жылдың қыркүйек айынан бері Қазалы ауданы тұрғындарынан мүлкін жария етуге рақымшылық жасау туралы 14 өтініш түскен. Өтініштерді қарау нәтижесімен аудандық комиссия тарапынан 10 өтініш қанағаттандырылып, 103 701 735 теңгенің мүлкін жариялау туралы шешім қабылданды.