ҚАЗАЛЫДА ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Қазалы ауданында грек-рим күресінен Мергенбай Абатовты еске алуға арналған 2002-2003, 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы аймақтық ашық турнир өтті.
Турнирге Ақтөбе, Қызылорда, Арал, Қазалы қалалары, Сексеуіл, Әйтеке би кентінің спорт мектептерінен барлығы 135 спортшы қатысты. Жарыс нәтижесінде қазалылық спортшылар алдыңғы қатардан көрінді. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Мергенбай Ибраhимұлы 1965 жылы Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде дүниеге келген. Еңбек жолын Қазалы вагон депосында қатардағы слесарьлықтан бастады. Кейін аудандық жастар одағында, жастар ісі жөніндегі комитеттің бөлім меңгерушісі, төрағасы, аудандық жастар ісі, туризм және спорт жөніндегі басқармасының бастығы, аудан әкімі аппараты ішкі саясат секторының бас маманы болып қызмет сатыларымен биікке көтерілді. Аудан жастарының дене тәрбиесіне, спортқа деген құлшынысын арттыруға уақыт талабына сай лайықты үлес қосты.