ҚАЗАЛЫЛЫҚ ДИНАРА РЕСПУБЛИКАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Қазақ әдебиетінің тарихында өзіндік ой өрнегін салған ақын-жазушыларымыз, қаламгерлеріміз көптеп кездескен. Солардың бірі Кеңестік қызыл империя тұсында қазақтың мүддесін көздеген сергек, батыл қаламгердің бірі – Оралхан Бөкей болды. Ол әдебиетке өзінің дара ізін қалдырып, оқырманын өзгеге ұқсамайтын қолтаңбасымен таңғалдырды.
Осы орайда облыстық ішкі саясатбасқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау, ел арасынан талантты жастарды табу мақсатында Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің ХҮІІ облыстық байқауы өткізілді.
Байқауға Қызылорда қаласы мен аудандардан іріктелген 16-22 жас аралығындағы талапкер қатысып, өзара бақ сынасты.Байқау шарты бойынша әрбір талапкер проза, драма, поэзиядан үзінділер, мәнерлеп өлең оқыса, қазылар алқасы олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына баса назар аударды.
Нәтижесінде Қазалы ауданынан қатысқан Динара Нұрлыбай бас жүлдені жеңіп, республикаға жолдама алды.