ҚАЗАЛЫЛЫҚ ЖАСТАР ҒАНИ МУЗЕЙІН АРАЛАДЫ
18 мамыр - Халықаралық музейлер күніне орай "Жастар ресурстық орталығы" Қазалы аудандық бөлімі мен Қазалы ауданы бойынша "Қазақстан студенттерінің Альянсының" ұйымдастырумен Қазалы қаласындағы Орта Азия мен Қазақстан жастарының ХХ ғасырдағы жалынды жетекшісі, өз заманының патриоты, көрнекті қоғам қайраткері, Қазалы топырағының даңқты перзенті Ғани Мұратбаев мемориалдық музейіне студент жастар саяхат жасады. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Саяхаттың негізгі мақсаты - жастарды ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, өз елінің тарихын білуге тәрбиелеу. Студент жастар музейге саяхат барысында Қазалы қаласының тарихымен жəне көне жәдігерлермен, ауданның өркендеуіне елеулі еңбек еткен қоғам қайраткерлерінің өмірбаянымен танысып, ұлттық аспаптар мен көне қару-жарақ бұйымдарды көріп тамаша әсер алып қайтты.