СОҒЫС АРДАГЕРІ САЯБАҚТА БЕЙБІТШІЛІК ТАЛЫН ЕКТІ
Салауатты өмір сүрудің басты кепілі тазалық пен көркейту-көгалдандыру. Осы орайда Қазалы қаласында «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген қанатты сөзді қаперде ұстап, сенбілік өтті.
Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазалы қаласының тұрғыны Қалеп Бектұрғанов, қала әкімі Бозғұлов Нұрлан, қалалық мәдениет үйінің директоры Мақсатбаев Әзілхан және Ғ.Мұратбаев мемориалдық музейі, қалалық балалар кітапханасының ұжымы бірлесіп, мәдениет үйінің саябағына тал көшеттерін отырғызып, еліміздің гүлденіп, көріктене беруіне өз үлестерін қосты. Сенбілік барысында соғыс ардагері Бектұрғанов Қалеп тұрғындарға ақ батасын беріп, ыстық ықыласпен тарқасты.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 20 наурыз – 20 мамыр аралығында тазалықтың екі айлығы жарияланғаны белгілі. Аталмыш айлық 20-шы маусымға дейін ұзартылған болатын.