ҒАНИ ҰРПАҚТАРЫ АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Қазалылық жастар еңбек және соғыс ардагері, қоғам қайраткері, Қызылордақаласының құрметті азаматы Ыдырыс Қалиевті және «Қазан революциясы», «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», «Құрмет», «Парасат» ордендері мен Қызылорда облысының Құрметті азаматы Сейілбек Шаухамановты туған күндерімен құттықтап барды.
Өздерін облыстық деңгейдегі түрлі жауапты қызметтерде білімді де білікті, әділетті, іскерлік пен ізденіс тізгінін тең ұстаған басшы ретінде танытып, биік парасаттылық пен адамгершіліктің арқасында көпшіліктің зор құрметіне ие болған қоғам қайраткерлері.
«Бұл мен үшін тосын сый болды, Ғани ұрпақтары әрдайым жасай берсін» - деп жалынды сөзін арнаған 90 жасқа келген Ыдырыс ақсақал жастарға дән риза болып, ақ батасын берді.
«Бүгін мен үшін ерекше күн. Қазалылық жастар мені туған күніммен құттықтағандарың, барша Сыр елінің ардагерлерін құрметтегендерің деп есептеймін. Мен Қазалының халқына дән ризамын»- деген Сейілбек Шаухаманов жастарға Өз мұрағатында тұрған кітаптарын сыйға берді.
«Зейнет жасында болса да қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, ұрпақ тәрбиесіне зор үлес қосып келесіз. Сол үшін де Сізге деген алғысымыз шексіз және бұл еңбектеріңіз артыңыздан ерген балаларыңыз - біздер үшін әрдайым үлгі-өнеге»- деген қазалылық жастар ақсақалдарға ізгі лебіздерін білдіріп, сый-құрметтерін көрсетті.