ҚАЗАЛЫ ҚАЛАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ 4 ПАЙЫЗДЫҚ НЕСИЕ АЛАДЫ
Қазалы ауданы бойынша тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің 76,2 пайызы аудан орталығы Әйтеке би кентінде тіркелсе, 8,3 пайызы Қазалы қаласы мен 15,5 пайызы ауыл кәсіпкерлерінің үлесінде. Ал, жалпы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің 13,2 пайызын жас кәсіпкерлер құрайды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Қазалы ауданының экономикасының дамуына оң ықпал етіп отырған шағын кәсіпкерлік субъектісі 3775 бірлікті құрап, өткен жылдан 10,9 пайыз көлемінде өсу динамикасы қалыптасып отыр. Аудандағы бизнес өкілдері кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысып, үдемелі инудстриялды-инновациялық бағдарламалары аясында өңдеу өнеркәсібін дамытып, жоғарғы технологиямен жабдықталған «Ірі қара өсіру кешені мен сүт өңдейтін зауыт, «Балық, күріш өнімдерін өңдеу зауыттарын» және сапалы темір-бетон бұйымдарын шығаратын цехтарды іске қосып аудан өнеркәсіп саласының дамуына айтарлықтай үлес қосуда.
«Өткен жылдан бастап Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылып, аудан орталығында өз жұмысын бастады. Палата жанынан кәсіпкерлікті қолдау, құқытарын қорғау, кеңес беру орталығы мен кәсіпкерлікке оқыту курстары, бизнес-жоспарлар дайындау бағыттары бойынша тиісті көмектер көрсетілуде. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында аудан кәсіпкерлері15 жоба бойынша тиісті жеңілдіктер пайдаланылуда. Сонымен қатар бұл бағдарлама арқылы «Шағын қалаларды дамыту бағдарламасына» сәйкес Қазалы қаласы бойынша кез келген кәсіпкерлікті дамытуға 4 пайыздық несие беру жеңілдігі қарастырылып отыр», - делінген хабарламада.