ҚАЗАЛЫЛЫҚ ЖАС КӘСІПКЕР МЕМЛЕКЕТ ГРАНТЫН ЖЕҢІП АЛДЫ
Қазалы ауданының жас кәсіпкері мемлекет грантын жеңіп алды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі. Жас кәсіпкер Мейрімжан Қаниев жоба бойынша өтеусіз және қайтарымсыз негізде 2,0 млн теңге грант қаражатына қол жеткізді. Осыған дейін қажетті материалдарды сырттан тапсырыс арқылы алдыратын кәсіпкер енді сувенир өнімдерінің өндірісін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Айта кету керек, жеке кәсіпкерліктің ісін жаңа бастаған субъектілеріне "Бизнестік жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік грант ұсыну нысаны бойынша жарияланған конкурсқа Қазалы ауданынан жас кәсіпкер Мейрімжан Қаниев құны 3,3 млн теңге құрайтын "Сувенир өнімдерінің өндірісін ұйымдастыру" жобасын ұсынған болатын.