ҚАЗАЛЫЛЫҚ БҮЛДІРШІНДЕР 100 ПАЙЫЗ БАЛАБАҚШАМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Елбасының 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы 2020 жылға дейін ұзартылып, балаларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбиемен 100 пайыз қамтуға қол жеткізу міндетін қойылған болатын. Осы ретте қазалылық бүлдіршіндер аталмыш бағдарлама аясында жыл аяғына дейін 100 пайыз балабақшамен қамтылмақ. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осылайша, «Балапан» бағдарламасы қысқа мерзім ішінде мектепке дейінгі ұйымдар желісінің өсуіне мүмкіндік тудырмақ. Айта кету керек, қазіргі таңда аудан бойынша 24 балабақша мен 32 шағын орталық бар.
«Алпамыс» балабақшасы өткен жылы осы «Балапан» бағдарламасына сәйкес ашылған. 280 орындық балабақшада 3-6 жас аралығында мектепке дейінгі 12 топ білім алуда. Мұнда бүлдіршіндер 3 тілде оқиды.