ҚАЗАЛЫДА ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ
Қазалы ауданында «Мықты бизнес – қуатты мемлекет» атты жас кәсіпкерлер форумы өтті. Форумды аудан әкімінің орынбасары Б.Жарылқап ашып, жүргізіп отырған форумға «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Байқадамов қатысып, өз ойларымен бөлісті.
Форум барысында мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған түрлі бағдарламалар, жаңа кәсіпкерлік түрлері туралы баяндалып, жастарға кеңестер айтылды. Сондай-ақ, жас кәсіпкерлер М.Қаниев, Н.Қазбергенов және Қазалы қаласындағы Орталық алаңға «Демалыс ойын-сауық орнын» ұйымдастыруды қолға алған Ж.Жұбанғанов ойларын ортаға салды.
Шара соңында аудан бойынша шағын кәсіпкерлікті дамытуда белсенділік танытып жүрген бір топ жас кәсіпкерлер аудан әкімінің, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының және облыстық салалық басқарма басшыларының «Алғыс хаттарымен» және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.