ҚАЗАЛЫЛЫҚ МАЙДАНГЕРГЕ «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛІ ТАБЫСТАЛДЫ
Қызылорда облысы Қазалы ауданының әкімі Бахыт Жаханов Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ұлы Отан соғысының ардагері Пірназар Мырзатаевқа «Ерен еңбегі үшін» медалін табыстады. 95 жастағы майдангердің қуанышында шек жоқ. Бұл туралы аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Ардагерлерді ардақтап, қазына қарттарымызға құрмет көрсету - басты парызымыз», - деген аудан басшысы ақсақалды Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, сый құрмет көрсетті.
Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің мерекелік құттықтау хатын «Нұр Отан» партиясының Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан жеткізді.
Облыстық мәслихат депутаты Самұрат Имандосов «Рза» АҚ-ның өнімдерін және қаржылай сый жасады.