ҚАЗАЛЫДА ЖІГЕРІ ЖАСЫМАҒАН ЖАНДАР АРАСЫНДА ӨНЕР САЙЫСЫ ӨТТІ
Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай мүмкіндігі шектеулі жандар арасында Әйтеке би кенті әкімінің жүлдесі үшін өнер сайысы өтті.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын жақсарту, жаңа талант иелерін анықтау мақсатында ұйымдастырылған сайысқа 16 талапкер қатысты. Тағдырдың тауқыметіне тап келген мүмкіндігі шектеулі жандар өнерлерін көрсетіп, Ән, би, жыр-терме, көркем сөз оқудан сынға түсті.
Сайыс қорытындысымен жасөспірімдер арасынан І орынды Темірлан Шакизадаев иеленді. Ал ІІ орынды Нұрқасым Қазыбай, ІІІ орынды Зарина Алдасберген жеңіп алды.
Ересектер арасынан Серікбол Шайхов жеңімпаз болып танылса, ІІ-ІІІ орындарды Сая Абашова мен ЖеңісбекКөжебаев бөлісті. Сайыс жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.