ҚАЗАЛЫДА «ОТАН ҮШІН ОТ КЕШКЕНДЕР» КІТАБЫ ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ
Қазалыдан шыққан Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы жазылған«Отан үшін от кешкендер»атты кітаптың тұсаукесері салтанаты өтті.
Салтанатты рәсімді аудан әкімі БахытЖаханов, облыстық мәслихат депутаты мен соғыс ардагері кітаптың тұсаукесер лентасын қиды.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы ОразғалиБекбанов елі үшін адал еңбек етіп, тер төккен ерлерді әрқашан келер ұрпаққа насихаттап, үлгі етіп отыру қажеттігін атап өтті.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен аудан әкімі БахытЖахановтың алғы сөзімен басталған кітап 4 тараудан тұрады. Онда соғысқа барып, қайта оралмағандар мен соғыста жау қолына түскен жандар және соғыстан аман оралып, бейбіт өмірдегі еңбекке араласқан ардагерлер туралы баяндалған.
Сондай-ақ, жеңіс туының желбіреуіне бірден-бір үлес қосқан жандар – тыл ардагерлері туралы мәлімет те осы кітаптан табылады.