ТУЫ МӘҢГІ ЖЕЛБІРЕСІН ЖЕҢІСТІҢ!
Қазалы ауданы Қожабақы ауылында «Туы мәңгі желбіресін Жеңістің!» атты тақырыпта аудандық бишілер байқауы өткізілді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Байқауға барлық ауылдық округтерден би ұжымдары қытыстырылды және олар бірінші кезеңде әскери тақырыптағы билерді дәріптесе, екінші кезеңде Қазақстан Халқы Ассамблеясы жылына байланысты өзге ұлттардың билерін орындады. Би өнері көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлап, бойымызға қуат беретін Ұлы Жеңістің қасиетін одан әрі сезіндіріп, Отан–ананың қадірін асқақтата түсті.
Байқау нәтижесінде сайыстың бас жүлдесін Абай ауылдық «Балдырған» би тобы жеңіп алса, бірінші орынды Қазалы қалалық №16 мектеп жанынан құрылған «Айгөлек» би тобы, екінші орынды Әйтеке би кенттік клубы жанындағы «Қазына» би тобы, үшінші орынды Майдакөл ауылдық «Інжу-маржан» би тобы және Жанқожа батыр ауылдық «Өрнек» би тобы иеленді. Сонымен қатар, байқауға қатысып өз өнерлерін ортаға салған бірқатар би ұжымдары арнайы алғыс хаттармен марапатталды.