ҚАЗАЛЫНЫҢ ШАЛҒАЙ АУЫЛЫНДА ТАҒЗЫМ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ
Кеше Қазалы ауданында шалғай елді-мекендегі Сарыбұлақ ауылында Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай салтанатты түрде «Тағзым алаңы» ашылды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Сұлтан Махашов жиылғандарды Жеңістің 70 жылдық мерекесімен құттықтап, еңбек майданында ел үшін шайқасқа түскен ардагерлерге лебізін жеткізе отырып, бір топ тыл ардагерінің кеудесіне мерекелік медаль тақты.
Ауыл әкімі Дуланбек Қалибеков ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап және Ұлы Отан соғысына қатысқан Махамбетқайыр Дәріқожаевтың ұрпағы Марат Дәріқожаев әкесі жайлы естеліктерімен бөлісті. Одан әрі жастар тұрғындарға мерекелік бағдарламасын тарту етті.