ҚАЗАЛЫ КОЛЛЕДЖІ ГАЗ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫН ДАЙЫНДАУДА
Бүгінде Қызылорда облысының аудандарын газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі. Осы ретте Қазалы көлік-техникалық колледжінде үстіміздегі оқу жылында «Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану» мамандығы ашылып, 25 студент білім алуда, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
- Аталған мамандыққа байланысты жергілікті бюджеттен 10 млн. теңгеге газ магистралінен газ тарату пунктіне дейін қызмет жасайтын заманауи құрал-жабдықтар алынып, арнаулы пән кабинеті жабдықталды. 2017 жылы оқу бітіретін студенттер алған білімдерін өз ауданын газбен қамтамасыз ету жұмыстарына жұмсамақ. Алдағы уақытта аудандық жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып, осы мамандық бойынша жұмыссыздар есебінде тұрған азаматтарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарын оқыту жоспарлануда, - делінген хабарламада.