ҚАЗАЛЫДА КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
Қазалыда жас түлектерге кәсіптік бағдар беруге арналған «Мамандық таңдау – болашаққа таңдалған қадам» атты семинар-кеңес болып өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Семинарды аудан әкімінің орынбасары С.Мақашов ашып, жүргізіп отырды. Аталған шараға арнайы шақырылған "Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Баймырза Қожамберліұлы, Қорқыт ата университетінің оқытушысы Жеткерген Мұсаұлы мамандық таңдауға байланысты өз пікірлерін білдірді.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Б.Төлегенованың айтуынша, қазіргі таңда ауданда техникалық мамандарға сұраныс мол. Алайда сұранысқа ие мамандықтарды бітірушілердің аталмыш бөлімге тіркелуі сирек көрінеді. Ал педагогикалық мамандар мен экономист, заңгер, есепшілердің қатары өте көп.