ҚАЗАЛЫДА ЖОМАРТ АЗАМАТТЫҢ КӨМЕГІМЕН СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ
Қазалыдағы Жалаңтөс баһадүр атындағы саябақтан Кеңестер Одағының 7 дүркін жеңімпазы, КСРО-ға еңбегі сіңген жаттықтырушы Дәулет Болатұлы атындағы спорт алаңы салтанатты түрде ашылды. Өткен жылы ауданға келген сапарында Д.Тұрлыханов салауатты өмір салтын қалыптастыруға байланысты атқарылып жатқан игі істердің куәсі болып, ауданның спорттағы жетістіктерімен танысып, спортқа құштар балалардың спортпен шұғылдануына көмек ретінде өз қаржысынан 18 млн теңге сый жасаған болатын. Аталмыш алаңдағы спорттық құралдаросы қаржыға алынып, спортсүйер балаларға бүгін пайдалануға берілді.
Спорт алаңының салтанатты ашылу рәсіміне Д.Тұрлыхановтың жұбайы, Қазалының тумасы, ҚР гандбол федерациясының президенті Гүлнәр Смағұлқызы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Шоңмұрынұлы, аудан әкімі Б.Жаханов келіп, ізгі лебіздерін білдірді.
Сондай-ақ, шара барысында Д.Тұрлыхановтың демеушілігімен сыйлықтар да табыс етілді. «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығы мен «Қазалы спорт клубына» 2 Газель автокөлігі, аудандық білім бөліміне қарасты барлық мектептерге үстел теннисінің құжаттары берілді. Сонымен қатар,Д.Тұрлыхановтың 2 млн теңге грантына ұсынылған білім мен спорттағы 22 дарынды оқушы ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Шара соңында «Дәулет» есімін иеленген балалар қамқоршы, қайырымы мол адал азаматқа деген өз алғыстарын жеткізді.