ЕСКЕРТКІШТЕР СЫР ШЕРТЕДІ
«Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау» күніне орай Қазалы ауданындағы Ғ.Мұратбаев мемориалдық музейінің алаңында «Ескерткіштер сыр шертеді» атты мәдени кеш өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Кеш барысында мәдениет ұйымдарының қалалық мекеме басшылары құттықтау лебіздерін білдірсе, қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары өлең айтып, жас ақындар өз жырларын оқыды. Сондай-ақ, Ғ.Мұратбаев мемориалдық музейі мен қалалық кітапхана «Ескерткіштер – ел мұрасы» атты жылжымалы ескерткіштердің фотосуреттері мен ескерткіштердің макеттерінен кітап көрмесін ұйымдастырды. Шара соңы «Көнеден қалған мұралар» деген атпен оқушыларға Қазалы қаласындағы тарихи-мәдени ескерткіштерге экскурсия жасаумен жалғасты.