ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖАНЫ ҚҰМАР ҚАЗАЛЫ ЖАСТАРЫ
«Жастар Ресурстық орталығы» Қазалы аудандық бөлімі мен Қазалы ауданы бойынша Қазақстан студенттер Альянсы, Жастар Парламентінің ұйымдастыруымен қайырымдылық акциясы болып өтті. Акция Қарағанды облысындағы табиғи апаттың салдарынан зардап шегіп жатқан жандарды қолдау, оларға көмек көрсету мақсатында «Жанында жүр жақсы адам» деген атпен «Мусаев» базарында ұйымдастырылды.
Акцияда аудан тұрғындары мен шағын орта кәсіп иелері өз көмектерін көрсетті. Акция барысында ауданның белсенді жастары базар аумағында және кент орталығындағы дүкендермен сауда орталықтарында ақпараттық үнпарақтар таратты. 2 күн бойы жүргізілген акция барысында жиналған азық-түліктерді жастар Қарағандыға жібермек.