ҚАЗАЛЫДА АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне орай Қазалы ауданы ардагерлері арасында өткізілген спорттық шаралар аяқталып, марапттау рәсімі өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
9 күнге созылған жарыс барысында ардагерлер спортқа жандары жақын екендіктерін байқатты. Шахмат, дойбы, қол күрес, биллиард, үстел теннисі, мылтық ату сынды 6 спорт түрінен бақ сынасқан ардагерлерді аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Есбосынов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Бекбанов құттықтап, алғыс білдірді.
Ой жүйріктігін талап ететін шахмат ойыны бойынша И.Қосым жеңімпаз деп танылса, 1 мен 2-орындарды М.Нұрымбетов мен Қ.Есенжолов өзара бөлісті. Дойбыдан 1-орынды М.Қуанғалиев алса, 2-3 орындар Б.Ибраимов пен М.Нұрымбетовке бұйырды.
Тартысты өткен қол күрес жарысында Б.Қуандықов қарсыластарынан оза шауып, алға шықты. Ал А.Алиев пен Ж.Бисенов кейінгі орындарды қанағат тұтты. Бильярд жарысында ептілігі мен мергендігінің арқасында М.Нұрымбетов алға шықты. Р.Сапаров мен М.Айшев 2-3 орындарға қол жеткізді.
Шапшаң қимылды қажет еткен үстел теннисінде де ардагерлер мықтылық танытты. О.Басыбеков 1-орын, Қ.Есенжолов 2, С.Арғынов 3-орын иеленді. Ал мылтық ату сайысы бойынша Ж.Қараев 1-орынға шықса, Б.Қуандықов пен С.Арғынов 2-орын алды.
Жеңімпаздарға арнайы бағалы сыйлықтар, алғыс хат, медальдар мен кубоктар табыс етілді.