КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ЖАСӨСПІРІМНІҢ ӘКЕСІНЕ ЕСКЕРТУ ЖАСАЛДЫ
Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтҚ-нің 442-бабының 2 бөлімімен Қазалы ауданының тұрғынына әкімшілік іс қаралды. Бұл туралы аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Анығын айтсақ, түнгі сағат 23.45-тер шамасында, Әйтеке би кенті, Сүлейменов көшесінің бойында, жасы кәмелетке толмаған 25.12.1998 жылы туылған баласы заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын-жайдан тыс жерде болғаны анықталды. Әкесі баласына ешқандай қарамай осы әрекетімен ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.
Сот отырысында құқық бұзушы азамат құқық бұзушылық әрекетін мойындап, заң алдында кешірім сұрады. Соттың қаулысымен азаматқа ескерту жасалды.