ҚАЗАЛЫДА «ЧЕК ТАЛАП ЕТ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
Қазалы ауданы орталығындағы сауда орындарында белсенді жастар чек талап етуге байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық кәсіпкерлік бөлімі, "Жас Отан" жастар қанаты және "Жас Орда" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан шара барысында тұрғындарға брошюралар таратып, насихат жұмыстарын жүргізді.
- Жалпы, азаматтардың белсенділігін және халықтың салықтық мәдениетін көтеру, азаматтардың тұтынушы ретінде өз құқын қорғай білу мәдениетіне тәрбиелеу, кәсіпкерлер арасында шынайы бәсекені ынталандыру мақсатындағы акция тұрғындардың өз құқығын қорғауына аса қажет. Сатып алынған тауарға сатып алушы көңілі толмаған жағдайда өз мүддесін қорғауға чек кепілдік болады. Сондықтан, әрбір азамат сауда орнынан бақылау-касса машинасының чегін талап етуге құқылы, - делінген хабарламада.