ӘН ӘУЕЛЕП, КҮЙ КҮМБІРЛЕГЕН КҮН
Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлт аспаптар оркестрінің кезекті концерттік бағдарламасы Қазалы аудандық мәдениет орталығында жалғасты, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Ата өнер ордасы саналатын оркестр ұжымы бұған дейін Арал ауданында болып, өнерлерін паш еткен болатын. Оркестр ұжымы халықтық шығармалармен қатар, әлемдік таңдаулы шығармаларды да жоғары дәрежеде шебер орындады. Талай дүлдүлдердің табаны тиіп, еңбегі сіңген шаңырақ өзіндік стильдік ерекшелігімен, кәсіби орындаушылық шеберлігімен тыңдарман қауымның ыстық ықыласына бөленді.
Кеште Құрманғазы, Дина, Тәттімбеттердің күйлері орындалды. Сондай-ақ, аға буынмен қатар жастар да өз өнерлерін көрсетіп, ұлттық өнерімізді насихаттады. Мәлік Дәрменов, Ардақ Итекеева, Мақсат Мақұлбеков, Ерлан Рысқали сынды өнерпаздар әуелете ән шырқап, күй үнін күмбірлетті.