ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ҚАМАУҒА АЛЫНҒАН КӨЛІКТЕР «ЖЕКЕ» АЙЫППҰЛ ТҰРАҒЫНДА БОЛҒАН
Қамауға алынған автокөліктерді жеке айыппұл автотұрағы жалғыз Қызылорда облысындағы Қазалы ауданында ғана бар.
- Заң негізі мұндай нысандар қарастырмаған, - дейді жақында ғана Қазалы ауданына прокурор болып тағайындалған Ғалым Едігеев. – Заң бойынша негізінен жергілікті атқарушы органдар құрған коммуналдық меншіктегі айыппұл тұрағына жеткізілуі тиіс. Басқаша болмайды.
Соған қарамастан Қазалы ауданының жол сақшылары ұсталған автокөліктер мен мотоциклді жеке кәсіпкердің тұрағына жеткізіп, мемлекет емес, керісінше кәсіпкер осы тұрақтағы темір тұлпардан түскен күнделікті ақысын алып отырған. Жүргізушілердің айтуы бойынша, ресми түрде – 2000 теңге, ал бейресми түрде айыппұл тұрағының қожайынмен келісесің.
- Осындай ақылға симайтын істерден соң жергілікті атқарушы органға ескерттік., - деді Едігеев. – Шенеуніктерге кеткен кемшіліктерді түзеп, заңға сәйкес коммуналды айыппұл тұрағын салуға тура келеді.
Шынар БЕКБАН