ОҚУШЫЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ
Қазалы ауданында оқушыларға мамандық таңдауға байланысты түрлі кеңестер берілді. «Мамандық таңдау – өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау» атты кездесу кешіне оқушылардың мамандықты дұрыс таңдай білуіне бағыт-бағдар, кәсіби бейімдеу мақсатында әр түрлі маман иелері шақырылды. Олардың қатарында инженер, медбике, кітапханашы, мұғалім, тәрбиеші және жоғары оқу орнында білім алушы студенттер болды.
Шара оқушылардың шаттық шеңбері «Гүл сыйла» тренингі арқылы бір-біріне жақсы тілектер айтудан басталып, олардың мамандық таңдау туралы өз толғаныстарына жалғасты. Сондай-ақ, кешке қатысушы қонақтар өз мамандықтарының қыр-сырын айтып, оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Мектеп психологі оқушыларға «Мамандық таңдаудың сыры неде?» атты психологиялық кеңес беріп, мамандық таңдау дегеніміз өмірді таңдау екендігін түсіндірді.