ҚАЗАЛЫДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҚОЙМА САЛЫНАДЫ
Қазалы қаласында мемлекеттік қолдаумен аграрлық өнімдерге арналған мамандандырылған қойма ашылады, деп хабарлайды BNews.kz.
«Сауда орталығы – ауыл шаруашылығы өнімдеріне арналған көп салалы қойма құрылысы» жобасын «Сенім-Табиғат» ЖШС жүзеге асырады. Жоба құны – 500 млн теңге. Қалада сауда орталығымен бірге ірі қойманың болуы ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға, сондай-ақ қоймасы мен сауда орындары жоқ жергілікті шағын кәсіп иелеріне қолдау көрсетуге мүмкіндік береді», - дейді Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Жарылқап.
Қазалы ауданында «Даму-Өндіріс» мемлекеттік бағдарламасы аясында бірден төрт жобаны іске асыру көзделіп отыр.
Айта кетсек, қазір аталған ауданда шағын және орта бизнестің 67 нысанын салу бойынша жұмыс жүріп жатыр.
«Тұрғындар мемлекет ұсынып отырған мүмкіндіктерден қапы қалмай, шағын кәсіпорындар ашуда. Бұл дүкендер, қызмет көрсету орталықтары, түрлі фирмалар және тағы басқа. Осының арқасында 130-дан астам адам еңбекпен қамтылады», - деді Жарылқап.