ҚАРТ МАЙДАНГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Қазалы өңірінде түрлі шаралар өткізілуде. Соның бірі «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Ұлы Отан соғысының ардагері Қайрадин Асқаров, тыл ардагерлері Патшагүл Жылқыбаева, Жеткерген Пернешов, Жасқайрат Назарымбетовпен кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Кешегі сұрапылды өз көздерімен көрген, Отан үшін жанын шүберекке түйіп, еңбек еткен, жастық күндерін қиыншылық заманда өткізген ардагерлер соғыс жылдарында жаумен қалай айқасқандығы, тылдағы еңбек жолдары туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, соғыстың қиындығы мен ауыртпалығы туралы естеліктер айтып, бастарынан кешкен оқиғаларымен бөлісті.
Кейінгі ұрпақ үшін кеудесін оққа төсеген ардагерлеріміз қандай құрметке де лайық деген жастар қарт майдангерлерге алғыстарын білдіріп жатты. Ардагерлердің құрметіне өнерпаздар ән шырқап, өз өнерлерін көрсетті.