ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ГАЗДАНДЫРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Ел экономикасы дамыған сайын халық игілікті істерге қол жеткізуде. Жыл аяғына дейін қазалылықтар көгілдір отынды тұтынуға мүмкіндік алды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
«ҚазТрансГазАймақ» компаниясы Астана орталық аппаратының сервистік жобалар департаментінің директоры Бердібек Рахимов Қазалы ауданында болып, тұрғындарға үйлерді газдандыруға байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оның айтуынша, кенттегі газ құрылысы жұмыстарының аяқталуын күтпей-ақ, тұрғын үйлерге газды жеткізу жұмыстары басталып кетпек. Ол үшін тұрғындардан өтініштер қабылданған сәттен бастап арнайы мамандар бөлініп, техникалық шарттары дайындалады. Және әр азаматтың сұранысына сәйкес дербес жобалар әзірленеді. Сонымен, әрбір үй газ жеткізу жұмыстарына орташа есеппен 230 мың көлемінде қаржы жұмсамақ.
Компания өкілі Қазақстанның 9 облысына газ таратушы «ҚазТрансГазАймақ»-тың тұтынушыларды қауіпсіз және үздіксіз газбен жабдықтайтынын және газдандыру мәселесін аса жоғары кәсіпқойлықпен атқаратындығын жеткізді.
Айта кетейік, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Бейнеу-Бозой - Шымкент» газ құбыры магистральді желісінің құрылысы жүргізіліп, алғаш рет отандық газды елдің оңтүстігіне жеткізуге мүмкіндік берілген болатын.Осы орайда облыс әкімі Қырымбек Көшербаев осы желі арқылы аймақтағы елді мекендерді газдандыруға байланысты нақты шаралар қабылдаған еді.