ҚАЗАЛЫДА ЖАСТАР ПАРЛАМЕНТІ ҚҰРЫЛДЫ
Жастардың қоғамдық өмірге араласуын «Жастарды қолдау орталығы» Қазалы аудандық бөлімі жастар парламенті арқылы жүзеге асырмақшы. Аудандық жастар үйінде жастар парламенті депутаттығына үміткер кандидаттарды қабылдау отырысы болып өтті. Жастар парламентіне кандитат ретінде білім беру орындары, денсаулық саласының мамандары, ауылдық округ жастары, жас кәсіпкерлер мен ерікті жастардың арасынан барлығы 42 жас қатыстырылды.
Сайлау комиссиясының құрамына аудандық мәслихаттан, аудандық білім бөлімінен, аудандық ішкі саясат бөлімі, денсаулық саласының өкілдерінен арнайы мамандары енгізіліп, қабылдау барысында кандидаттарға Елбасының бағдарламалары мен қабылданған заңдар турасында, сонымен бірге шығармашылық бағытта сұрақтар қойылды. Комиссия мүшелерінің шешімімен жастар парламентінің депутаты болып 21 жас маман тағайындалды.