ҚАЗАЛЫДА ӨТКЕЛ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАППАҚ
Қазалы өңіріндегі күрделі мәселелердің бірі саналатын өткел мәселесі жуық арада оң шешімін табады. Бұл туралы аймақ басшысы Қ.Көшербаев Бірлік ауылындағы халықпен кездесуінде баяндады.
Екі жағалауда орналасқан елді-мекендер ендігі уақытта емін-еркін қатынаспақ. Әсіресе қыс мезгілінде, сең жүру кезінде қиындық тудыратын көпір мәселесінің қыркүйек айында түбегейлі шешілетіндігіне халық та риза. Көпір құрылысы арқылы ауыл тұрғындарының бірнеше әлеуметтік мәселесі де шешіледі. Ең алдымен қыс-көктем мезгілдерінде жұрт өз өмірлеріне төнетін қауіп-қатерден құтылады.
Сондай-ақ, Абай ауылына кіре беріс жол үстінде Сырдария өзені арқылы өтетін қалқымалы көпірге баратын жолды жөндеу және арнасына көпір салу жұмыстары да қолға алынбақ.