ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН ЖАТҚА ОҚЫДЫ
Қазалыда өзге ұлт өкілдері арасында Абай оқуларының аудандық іріктеу байқауы өткізілді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Абай шығармаларын оқу арқылы көркем сөз шеберлігін, тіл мәдениетін шыңдау бағытында өткен байқауға 16-22 жас аралығындағы ұлт өкілдері қатысып, өзара бақ сынады. Байқау шартына сәйкес талапкерлер Абайдың білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасы мен қара сөзін мәнерлеп оқудан, «Абай жолы» романынан үзіндіні көркем шеберлікпен жатқа орындаудан және Абайдың әндерін орындаудан тартысқа түсті.
Қазылар алқасы олардың көркем мәтінді таңдау және оқу шеберлігіне, қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларын сақтап, таза сөйлеуіне, ән орындау шеберлігіне, сахналық өнер көрсету мәдениетіне баса назар аударды.
Нәтижесінде М.Горький атындағы №16 мектептің 11-сынып оқушысы Дильшат Шадымұратқызы бас жүлдені жеңіп алып, облыстық байқауға жолдама алды. Өзге өнерпаздар Алғыс хат, бағалы сыйлықтармен марапатталды.