ТӘРБИЕШІЛЕР СЫНҒА ТҮСТІ
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мерекесі қарсаңында Қазалы ауданы «Алпамыс» балабақша тәрбиешілері арасында сайыс өткізілді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Өзбек», «Түрік», «Үнді» халықтарының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын көрсетуден бақ сынасқан сайыскерлер жан-жақты қырынан танылды. Бүлдіршіндер де сан тілде өлең айтып, би билеген, әр ұлттың тағамдарын әзірлеген тәрбиешілеріне жанкүйер болып, өз өнерлерімен қолдады.
Тартысты өткен байқауда өзбек ұлтынан құралған «Dynuo» тобы бас жүлде, үнді халқынан құралған «Lka’i» тобы І орын, түрік ұлтынан құралған «Dostluk» тобы ІІ орынды иемденіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.