ҚАЗАЛЫЛЫҚ СТУДЕНТ ҰЛТТЫҚ БІРІНШІЛІККЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
Халықаралық «WorldSkillsKazakstan» байқауының аймақтық біріншілігінің іріктеу кезеңінде қазалылық 18 жасар Ерсұлтан Қасым «Үздік тас қалаушы» номинациясы бойынша бас жүлдеге ие болып, Қызылорда облысының білім басқармасының дипломымен марапатталды.
Қасым Ерсұлтан Қанатұлы 1997 жылы 6 ақпанда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылында дүниеге келген.
Қазіргі таңда Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» мамандығының «Тас қалаушы» біліктілігі бойынша ІІІ курс студенті. Колледж қабырғасында түрлі пәндік олимпиадаларға, мамандық конкурстарына қатысады.
Ерсұлтан алдағы уақытта үстіміздегі жылдың 8-10 сәуір аралығында Астана қаласында өткізілетін Ұлттық чемпионатына қатысуға жолдама алды.
Бүгінгі таңда ҚР колледждер Ассоциациясы және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «WorldSkillsKazakstan» Ұлттық біріншілігіне қажетті дайындық жұмыстары жүргізілуде.