ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАР ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ
Қазалы ауданының әкімі Бахыт Жаханов Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесін қарсы алғалы отырған Шәкен ауылында тұратын 93 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері, ақсақал Әбжами Алмаховтың үйінде болды.
Әбжами Алхамов 7 жылдық мектепті бітіріп, 1941 жылы Қазалыдағы техникумда оқып жүрген кезінде өз еркімен 1942 жылы 23 наурызда 19 жасында Украин қаласындағы Харьков, Сталинград бағытындағы соғысқа аттанған.
Жан берісіп, жан алысқан майданда снарядтың ұшқынынан жарақаттанған жауынгер 3-ші дәрежелі мүгедек болып елге оралды. Елге келгеннен кейін еңбекке араласып, егінді суару, канал қазу жұмыстарына белсене атсалысты.
Қазіргі таңда Әбжами ата ұрпақтарының ортасында бақытты өмір сүріп отыр. Аллаға шүкіршілік етіп, Еліміздің болашағы жастар екендігін және олардың ешқашан сұрапыл соғысты көрмеуіне тілектестік білдірді.