ЖҰМЫССЫЗДАР САНЫН АЗАЙТУ - БАСТЫ МІНДЕТ
Қазалы ауданында «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге жұмыссыздар жұмыс іздеуші мүмкіндігі шектеулі жандар шақырылды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Жәрмеңкеде Қазалы аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Г.Авезова өз саласы бойынша жұмыссыздарды, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндап, түрлі жұмысшылыққа және мамандығы бойынша жоғары және арнаулы орта білімді жұмыссыздарды жұмысқа шақырды.
Жәрмеңке барысында оған қатысушыларға 9 мекеме мен кәсіпорындардан, жеке кәсіпкерлерден 19 бос жұмыс орындары және Қостанай облысы бойынша 692 мекемелер мен кәсіпорындардан 1183 бос жұмыс орындары ұсынылды. Алайда Қостанай облысына жұмысқа баруға өтініш білдірген жұмыссыздар болған жоқ.
Қорытындысында аудан бойынша 2 жұмыссыз ақылы қоғамдық негіздегі жұмысқа, 3 адам тұрақты жұмысқа жіберілді.