ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ «ҮЗДІК ӘКІМДІК» АТАНДЫ
Қазалы ауданы «Үздік әкімдік» атанды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
«ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында үстіміздегі жылдың 18-26 желтоқсан күндері облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен облыстық «Үздік әкімдік» байқауы өткізілді.
Байқау шартында бірнеше өлшемдер бойынша тапсырмалардың орындалуы туралы альбом, тағы да басқа ақпараттар әзірленіп, соған сәйкес құрылған комиссия өкілдері аудандарды аралап шықты. Комиссия өкілдері өткен жылдың 19 желтоқсанында Қазалы ауданында болып, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде тексеру жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде облыстық тілдерді дамыту басқармасы жанынан құрылған комиссия шешімімен Қазалы ауданының әкімдігі облыс бойынша «Үздік әкімдік» болды.