ҚАЗАЛЫ ҚАЛАСЫНДА ТӨМЕНДЕТІЛГЕН БАҒАДА ЖӘРМЕНКЕ ӨТТІ
Қазалы қаласында Наурыз мерекесі қарсаңында төмендетілген бағадағы сауда қызметі көрсетілді. халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында жеке кәсіпкер қала тұрғындарына арзан бағаға азық-түлік өнімдерін ұсынды.
Жәрменкеде азық-түліктер базар нарқынан 15-20 пайыз төмен бағада ұсынылды. Сатылған азық-түлік өнімдеріне қала тұрғындары мен ардагерлері жеке кәсіпкер Қожағұлова Раушанға ризашылықтарын білдірді.
Алайда, осындай жәрменкені қала тұрғындары әр аптаның сенбі күндері келіп, халық игілігіне арзан бағаға азық-түлік өнімдерін сатып отырса деген ұсыныстарын білдіріп өтті.
Алдағы уақытта жеке кәсіпкер Қазалы қаласынан «Әлеуметтік сауда дүкенін» ашуды жоспарлап отыр.