МӘЛІК САПАШЕВ ҚАЗАЛЫДА ІССАПАРДА
Қазалы ауданына іссапармен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасының орынбасары Мәлік Сапашев арнайы келді.
Аудан әкімі Бахыт Жаханов ауданда спорт саласын дамытуға бар жағдай жасалғандығын айта отырып, Әйтеке би кентіндегі спорт кешенінің жұмыстарымен таныстырды.
Ауданда спорттық материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында былтырғы жылы алғаш рет аудандық бюджеттен пайдалануға берілген Әйтеке би кентінен 120 орындық спорт кешенін және биылғы жылы пайдалануға берілетін Әйтеке би кентінің 5-квартал аймағынан 160 орындық дене шынықтыру спорттық сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарымен таныстырды.
Спорт кешенінде Қазалы спорт клубы орналасқан. Мұндағы барлық жұмыстарды, жаттығулар мен жарыстарды білікті мамандар, спорт клубының жаттықтырушылары ұйымдастырып өткізеді.
Екі қабатты спорт кешені ішіндегі залдар қандай жарыс болмасын өткізуге толықтай дайын. Барлық спорт жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Бірінші қабатта кіші футбол, баскетбол, гандбол, волейбол ойнайтын алаңы бар. Екінші қабаттағы күрес бөлмесі де қарбаласқа толы. Мұнда жас бозкілем шеберлері жаттығу жасауда. Сондай-ақ ғимаратта тренажер залы, киім ауыстыратын, медициналық бөлме ма, басқа да қосалқы жайлар орналасқан.
Мәлік СапашевтіңҚазалы ауданына сапары барысында онымен бірге Қызылорда облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев бірге жүрді.