«ҚАЗАҚСТАН 2050» СТРАТЕГИЯСЫ ЖАСТАР КӨЗІМЕН
Қоғамның қозғаушы күші жастар екені ақиқат. Бұл ретте жастар саясатымен айналысатын ұйымдарға артылар жүк пен жауапкершілік аз емес. Қазалылық жастар бүгін «Қазақстан 2050» стратегиясын талқылауға бас қосты. «Мемлекет дамуы мен тиімді жастар саясаты» тақырыбында өткен жиынға 100-ге жуық белсенді студент жастар қатысты. «Жас Отан» жастар қанатының Қазалы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Әлібек Қуаныш, «Жастарды қолдау орталығы» МКМ Қазалы аудандық бөлімінің басшысы Олжас Ахметов мемлекет тарапынан жастарға көрсетіліп жатқан қолдаулар жайлы баяндап, оны тиімді пайдалану жолдарын ұсынды.
Сондай-ақ, белсенді жастар да өз ойларымен бөлісіп, Стратегияның маңызы мен мақсатын, одан туындайтын тапсырмалар және оның орындалу жолдарын жан-жақты талқылады.
Елбасы әркез жастарды қолдап, олардың ел үмітін абыроймен атқаратындықтарына сеніммен қарап келеді. Бұл қазақ жастарының ұлттық рухының өскендігін, саяси мәдениетінің артқандығын байқатса керек. Бұл ретте Қазалы жастары да ел мен Елбасының артқан үмітін ақтайтындықтарын жеткізді.