ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ АҚШАСЫ ҚАЙТАРЫЛДЫ
Қазалы ауданында қаңтар, ақпан айларында МХ-104 қондырғысының жұмыс істемей қалуына байланысты интернет пайдаланушы 2627 абоненттердің 64314 теңге, 50 тиыны, ІDTV қызметін пайдаланушы 545 абоненттерінің 4667 теңге 62 тиыны, яғни барлығы 68982 теңгесі қайтарылды. Бұл туралы аудан прокуроры Ғалым Едігеев хабарлады. Үлгі шарттың 4.8.7. тармағына сәйкес үшінші наурыз күні қайта есептеліп, абоненттердің есебінен шегерілген.
- Айта кету керек, Қазалы аудандық телекоммуникация торабының басшысы Ш.Өксікбаев Әйтеке би кентінде интернет пен ІDTV қызметіне қондырылған МХ-104 қондырғысы Алматы қаласындағы Телекоммуникация желілерін бас басқару орталығының мамандарымен қашықтан басқару арқылы толық тексерілгенін мәлімдеген. Тексеру нәтижесімен МХ-104 қондырғысындағы қоректендіру топтамасы қалыпсыз жұмыс жасап тұрғаны анықталған», делінген хабарламада.