ҒАНИ АУЫЛЫНДАҒЫ КӘСІПКЕР
Қазалы ауданында кәсіпкер Нұрбек Құдабаев ауылшаруашылығын қолдау «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы бойынша өткен жылы 2700,0 мың теңге көлемінде несие алып, кондитерлік өнімдерді шығару үшін құрал-жабдықтар сатып алған. Бүгінде кәсіпкер наубайхана ашып, халыққа нан және кондитер өнімдерін өндіріп қызмет көрсетіп отыр.
- Наубайхана 2014 жылы қазанда ашылды. Онда күніне 110 нан дайындалады. Халықтың сұранысы бойынша тәттілерге тапсырыс қабылдаймыз. Наубайхана жанынан ашылған аралас заттар дүкені жұмыс жасайды. Нан пісіретін аппарат Қытайдан әкелінген, қарамағымда ауыл тұрғыны тұрақты жұмыс жасайды. Кәсібімді одан ары дамытып, бірнеше ауыл тұрғынын жұмыспен қамтамасыз етсем, - дейді кәсіпкер.