БҰҰ ЖОБА МЕНЕДЖЕРЛЕРІ ҚАЗАЛЫДА
БҰҰ-ның жоба менеджерлері Қазалы ауданында болды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Онда «Экономикалық, әлеуметтік және қоршаған ортаны қорғау қызметтерін атқаруда инновациялық тәсілдерді қолдану арқылы Қызылорда облысының тұрғындарының, соның ішінде әлжуаз топтар өкілдерінің әл-ауқаты мен өмір сапасын жақсарту» бағдарламасы талқыға салынды. Бағдарлама халықтың өмір сүру сапасын көтеру және Қызылорда облысындағы аудандардың дамуына қол жеткізу мақсатын көздейді. Жоба менеджерлері бағдарламаның үкімет бюджетін үнемдеуге бағытталғандығын айтады. Жергілікті өзін-өзі басқаруға арналған бұл дамыту процесі биылғы жылы облыс бойынша Арал, Сырдария, Қазалы аудандарында жүзеге асырылмақ.
Сондай-ақ, БҰҰ-ның Шығыс Қазақстан облысындағы менеджері өз тәжірибелерімен бөлісті. Жоба менеджерінің айтуынша, бағдарлама аясында Семей өңіріндегі бірнеше аудан мен ауылдық округтердегі саябақтар жөнделіп, бірнеше спорт кешендері пайдалануға берілген.